«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қарттар жылды қорытындылады

0 216

Есіл ауданы әкімі аппаратында аудандық Ардагерлер кеңесінің жыл бойғы атқарған жұмыстарының қорытынды алқалық мәжілісі өтті.

Есіл ауданы әкімінің орын­басары Арайлым Елім­сари­наның төрағалық етуімен өткен жиынға қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Есболат Дүйсе­нов, Есіл аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Рыс­ты Атығаева мен белсенді қариялар қатысты.
Рысты Атығаева жыл бойы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, аудандық Ардагерлер кеңесінің биылғы жұмысы жұртшылық тарапынан жоға­ры бағаға ие болған. Баяндама барысында аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайы­мы қарттарға арналған үш шағын орталықтың ашылуына көмек көрсеткені үшін «BI Group» құрылыс компаниясына зор ризашылығын да білдіріп өтті. Сөз соңында Рысты Атығаева Ардагерлер кеңесіне қолдау көрсеткен бірқатар ұйымдардың өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.
Ал аудан зейнеткерлері атынан сөз алған Қоғамдық ке­ңестің мүшесі Мұхтар Ерке­­таев Есіл ауданы басшы­лы­ғына аға буын өкілдеріне үнемі құрметпен қарап, қол­­дау көрсетіп жүргені үшін алғысын білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды