«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қарттар мен балаларды құттықтады

0 196

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Жаңа жыл қарсаңында қарт­тарға және мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеге, балалар үйі мен мамандандырылған балалар үйіне барды.

Қарттар мен балаларды Жаңа жылмен құттықтаған қала басшысы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына сыйлық ретінде 700 мың теңгелік сертификатты тапсырып, балаларға компьютер мен басқа да бағалы сыйлықтарды, түрлі тәттілерге толы себетті сыйға тартты.
Балалар үйінде 4 пен 18 жас аралығын­дағы 80 бала тәрбиеленіп жатыр. Жыл бойы балалар үйін балаларды қолдау орталығына айналдыру жұмыстары жүргізілген. Бұл қанатқақты жоба балаларды бейімдеу, дамыту, отбасына орналастыру және отбасын қолдау сияқты төрт орталықтың басын қосады.
Мамандандырылған балалар үйінде Б.Сұлтанов мекеменің ұжымымен, тәрбиеленушілермен кездесіп, мерекелік шараға қатысты. Кездесу барысында Астана әкімі қаржылық қамтамасыз ету, әлеуметтік педагогтардың жалақысы мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мә­селелерін талқылады. «7-20-25» бағ­дарламасы аясында 100 тұрғын үй сертификаты бөлінгенін білесіздер. Біз оны әлеуметтік сектордағы мамандарға бөлеміз. Бұл – білім, денсаулық сақтау салаларының, әлеуметтік салалардың мамандары, полиция қызметкерлері. Осылайша, сіздерге қолдау көрсетпекпіз. Алдағы уақытта арнайы бағдарлама әзірленетін болады. Бұл мәселе кешенді шараларды талап етеді» деген Б.Сұлтанов Жаңа жылда шыдам, денсаулық, жаңа жеңістер мен жетістіктер, игіліктер тіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды