Қарттар күніне орай елордада өтетін шаралар

0 27

Нұр-Сұлтанда ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасауға үлкен көңіл бөлінеді. Қамқоршылық қорлары бар, еріктілер жалғызбас­ты зейнеткерлерді назардан тыс қалдырмайды, қарттарға арналған түрлі акциялар өткізіледі.

Тәуелсіздік сарайында келесі іс-шаралар күтілуде:
30 қыркүйекте сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Тәуелсіздік сарайы қорынан «Күз бояулары» атты сурет көрмесі өтеді.
1 қазанда қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме үшін «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты көшпелі көрме жоспарланған. Өтетін жері: Аққорған көшесі, 2.
10.00-ден 17.00-ге дейін мүгедектер мен ардагерлер одағына ақысыз экскурсия өтеді.
Nomad City Hall 1 қазан күні сағат 18.30-да Ж.Шайхисламұлының «Қыз Жібек» спектаклін көрсетеді.
Триумфалды арка 1 қазанда әлеуметтік желілерде Халықаралық қарттар күніне арналған бейнеролик ұсынады.
4 қазанда «Жастар» теат­р­­­­лары «…Увидеть бы тебя, отрок влюбленный» сахналық сюжетін түсірілімнен үзінді көрсетеді. Видеоны әлеуметтік желілерден көруге болады.
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 1 қазанда сағат 10.00-де театрдың Instagram, Facebook, YouTube.com сайттарындағы ресми парақшаларында ұжымның қарттар күніне арналған құттықтау блогын көрсетеді. 17.00-де театрдың YouTube каналында «Кеш» спектаклінің тікелей эфирі болады.
«НАЗ» мемлекеттік би театры 1 қазанда сағат 15.00-де «Қариялар – халық қазынасы» қарттар күніне арналған шарасын өткізеді.
1 қазанда Нұр-Сұлтан әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бірқатар кездесулер мен көрмелер өтеді деп күтілуде.
Бейбітшілік және келісім сарайы 1 қазан күні сарайдың зейнеткерлеріне «Қарты бардың қазынасы бар» тақырыбында экскурсия өткізеді. Халық­аралық музыка күніне және қарттар күніне орай «Туған жер» балалар студиясының бүлдіршіндері С.Еркімбековтың «Добрая мечта» құттықтау әнін орындайды.
М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры 1 қазанда сағат 18.00-де У.Апрельскаямен тікелей эфир өткізеді. Сағат 19.00-де театрдың YouTube каналында Р.Бердің «Смешанные чувства» спектаклінің тікелей эфирі күтілуде.
Сәкен Сейфуллин мұражайы Instagram-дағы @Seifullin_museum, @bizbirgemiz аккаунттарындағы «Арамызда жүрсе екен қарттар аман» бейнеролигін көрсетеді.
Қуыршақ театры Instagram, Facebook, Youtube каналында 1 қазанда сағат 11: 00-де кішкентай көрермендердің «Мы вас Любим» атты құттықтау видеосын көрсетеді. «Мои любимые бабушка и дедушка» әңгімелер байқауының нәтижелері 18.00-де Instagram мен Facebook парақшаларында және қуыршақтардың мерекелік концерті болады деп күтілуде.
«АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені «Малиновка» іздеу клубының өкілдері мен мүшелерінің қатысуымен «Аманат – «АЛЖИР» ҚҚ-мен бірлесіп 1 қазанда «Дорогие мои, старики!» тақырыбында іс-шара өткізеді.
1 қазанда Мемлекеттік академиялық филармония Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» «Шалқыма» халық би ансамблінің онлайн-құттықтауын көрсетеді және «Қарттарым – асыл қазынам» жалпықалалық іс-шарасына қатысады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + eighteen =