ҚАРТ ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ДАСТАРҚАН ЖАЙДЫ

0 207

Алматы-аудан

9 мамыр – Жеңіс күніне орай, Алматы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне «Эсмиральда» мейрамханасында мерекелік дастарқан жайылды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Бекбол Сағын, қалалық мәслихат депутаты Абай Байгенжин және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Байболов қа­тысып жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік шараны Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған шығармалармен көмкерген аудан өнерпаздары майдангерлерді бір қуантып тастады. «Өмір мен өлімнің арасында болып, от кешкен қарт жауынгерлерге құрмет жыл санап артып келеді. Қадіріңді біліп, ерлігіңді бағалаған ұрпақтың барына шүкір» дейді қариялар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + four =