Қарсыз қыстың сәні не ?

0 21

Қар мәселесі биыл қыста жұртшылықтың да, журналистердің де аузынан түспеген тақырыпқа айналды. Өйтпегенде ше?! Елу бес жылдан бері мұншалықты көл-көсір мөлшерді көрмеген шаһар тұрғындарының осынау табиғи құбылысқа қалай таңғалуы да орынды.Десек те, талқылаудың жөні осы екен деп, қардан тек негатив жасап алғанымыз да болмас. Әсілі, қарлы қыстан гөрі қарсыз қыстың көңілсіздеу боларын оңтүстіктің тумасы ретінде мен жақсы білемін. Бәрін қойып, мына суреттердегі балалардың бал-бұл жанған жүзіне қараңызшы. Омбы қарда ойындары қанғанша аунап-қунап, нағыз қыстың қызығын сезінуде. Кез келген проблема үшін қарды кінәлі етіп қою «Ильинканың» ересек тұрғындарында да жоқ секілді. Қолдарынан келгенше аула алды, көше бойын өздері-ақ тазалап, тірліктерін тып-тыныш тындырып жүр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды