Қарсы алып, шығарып салады

0 20

Елордада коменданттық сағат кезінде жолаушыларды қарсы алуға және шығарып салуға рұқсат етілді.

530560b14df662938dd8f925adc7a383

Міндетті шарт – билеттің (фото) және жеке басты куәландыратын құжаттарының өзімен бірге болуы керек. Бұл шаралар жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданды. Сондай-ақ коменданттық сағат кезінде жолаушыларды жеткізу мақсатында қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS ЖШС «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» – «Нұрлы жол вокзалы» қатынасындағы маршруттық автобустарды арнайы іске қосты, олар 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін қатынайды. Қала тұрғындарына сыртқа шығуға тыйым салынады. Елорданы құқық қорғау органдары тәулік бойы күзетеді. Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар комендатураның жедел штабына 71-60-20 нөмірі бойынша немесе iKomek109 қызметіне хабарласа алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × two =