«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қариялар қуанып қайтты

0 214

Астана қаласындағы «Жас қанат» аула клубында Қарттар күніне арналған әсерлі шара өтті.

Клуб мамандары мен тәрбиеленушілері ауладағы белсенді ардагерлер мен зейнеткерлерге мерекелік тілек айтып, өз өнерлерін ұсынды. Оқушылар әсем ән айтып, мың бұралып биледі. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін ашылған аула клубына жанашырлық танытып жүрген бірқатар азаматтарға алғыс жарияланды. Ал құрметті қонақ болған қариялар болса, өздерінің көңілін көтерген «жас қанаттықтарға» ризашылықтарын білдіріп, шарадан қуанып қайтты.
Осы шара барысында Астана қаласы әкімдігі «Астана жастары» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің аула клубтарын дамыту бөлімінің басшысы Болат Жұмаділ биыл Байқоңыр ауданы аумағында Тайбурыл көшесіндегі №34 мектепте, Қ.Кемеңгерұлы көшесіндегі №21 мектепте, Күлтөбе көшесіндегі 11 үйде және 40-шы стансасындағы Н.Төреқұлұлы көшесінде ашылған аула клубтарына алғыс жариялап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды