Қариялар орталықта бас қосады

0 23

Жақында елорданың Есіл ауданында қариялардың бос уақытын өткізуге арналған «Замандастар» атты шағын орталық ашылды. Бұл-қаладағы он алтыншы орталық.Ә.Бөкейханұлы көшесіндегі 8-ші үйде орналасқан «Нұр-Қанат» тұрғын үй кешенінде ашылған шағын орталық қажетті заманауи жиһаздармен қамтамасыз етілген. Мұнда зейнеткерлерді түрлі маман иелері жеке сұрақтары бо­йынша қабылдап, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіледі. Орталықта қариялар бос уақытында үстел теннисі, шахмат пен дойбы ойнап, мерзімді баспасөздегі жаңалықтармен таныса алады.
Орталықтың салтанатты ашылуына әкімдік өкілі Олжабек Бейсов, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілі Ерболат Дүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің өкілі Сатыбалды Жұмағатов, Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Атығаева мен бастауыш ұйым­ның төрағасы Хамитбек Махмутов қатысты. Ашылу барысында аға ұрпақ өкілдеріне пайдалы сыйлықтар табыс етіліп, түрлі құттықтау­лар жолданды.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − seven =