©2020 Астана Ақшамы
«Қари» қалам
Түркияның Ыспарта қаласында Құран Кәрім басып шығаратын баспахана Құран «оқитын» электронды қалам жасап шығарды.
Кәсіпорын директоры Әли Йылдыз электронды қаламда: «Құран аяттарын 114 хафиз оқиды. Яғни, қай хафизді тыңдағыңыз келсе, соны таңдай аласыз. Сондай-ақ, тамақтанар алдында және тамақтанып болған соң немесе дәрет алдындағы және соңында оқылатын дұғаларды да қамтуды ұмытпадық», – дейді.
Азаншы сағат
Елорда мешіттерінің алдынан қала тұрғыны Мағзұм Жанарбек таң намазының уақыты кіргенде азан шақыратын сағат сатып алғандығын айтып, әсерімен бөлісті.
– Әлгі сағатты үйіме апарған күннің ертесіне шырт ұйқыда жатқан мені таңғажайып күйге бөлеген азан үні сергектікпен оятты. Керемет! Азанды ұялы телефонға көшіріп, ұйқыашарға қойып жүргендерді бұрын да көргем. Бірақ, ол дұрыс емес. Ұялы телефонымызға Құран сүрелерін салуға имамдарымыз тыйым салып, пәтуә берген. Себебі, оны дәретханаға, моншаға – тахарат орындарына алып кіріп жатамыз. Ал қасиетті Құран аяттарының ондай жуыну орындарына қандай нұсқасын болмасын алып кіруге болмайды.
Ербол ЖАНАТ