ҚАРЕКЕТ ҚЫЛҒАНҒА ҚОЛДАУ ӘЗІР

0 152

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Астана қаласындағы үдемелі индустриалдық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Онда «Биз­нестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша екінші деңгейлі банктердің есебі тыңдалды.

Жиынды ашқан Астанақа­ласы Кәсіпкерлік жәнеөнер­кәсіп басқармасы басшысының орынбасарыӘлияҚожабаева «Бизнестің жол картасы-
2020» бағдарламасы жаңа биз­нес бас­тамалардықолдау, бизнес саласын дамыту бо­йынша маңызды бағдарлама екен­дігін атапөтті. Бұдан кейін «Даму» кәсіп­кер­лікті да­мытуқоры» АҚ Ас­танақа­ла­сындағыөңірлік фи­лиа­­­лы­ның бағдарлама аясында атқарған былтырғы жұмыс­тары сөз болды.

2013 жылы Астанақаласын­дағыүдемелі индус­триалдық дамыту жөніндегіүйлестіру кеңесі барлығы 40 жиынөткіз­ген. Онда кәсіпкерлердің жүз­де­ген жобасы мақұлданған екен. Айталық, бағдарламаның «Биз­нес бастаманықолдау» ба­ғыты бойынша жалпы сомасы 55618,4 млн теңгеніқұрайтын 274 жоба мақұлданған. Ал «Кә­сіпкерлікәлеуетін көтеру» атты төртінші бағыт бойынша 2600 адам оқытылып, бизнесті жүргізу бойынша 10 мыңнан астамқызмет көрсетілген. Былтыр 31 желтоқсанда елордада ашылған Кәсіпкерлергеқызмет көрсету орталығыныңөзі кәсіп ашуға ниет еткен жандарғақолұшын беріп, қаржылық сауатты көтеру, бизнес жоспарын жасау, корпоративтік басқару сынды мәселелер төңі­регінде ақыл-кеңес берілген. Бүгінде Орталыққа келушілердіңқатары арта түскен көрінеді.

Жиында екінші деңгейлі банк­­тердіңөкілдері бизнескеқатыстықанша жобаға жәр­демқаржықұя­тынын, оның мерзімі мен кепіл­дігі жөнінде мағлұмат берді.

Қ.НҰРҒАЛИ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × five =