ҚАРАЖАТ КӨЛЕМІ АЙҚЫНДАЛДЫ

0 94

Астаналық мәслихаттың кезекті тұрақты комиссия отырысында құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттің жобасы талқыланды. Негізгі баяндаманы қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Әліби Жұмаев жасады.

gaz

Баяндамашы алдағы үш жылға ар­налған бюджет жобасы Қазақстан Рес­публикасының Бюджет кодексіне, жер­гілікті бюджеттерді әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленіп, дайындалғандығын жеткізді. Одан кейін басқарма басшысы елорданың тоғыз айлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы сөз қозғады. Соңғы тоғыз айда қаланың экономикалық қуаты еселене түскен. Салық түсімдері де жоғарылаған. Содан соң басқарма басшысы жиында өзекті болып отырған басты тақырыпқа көшті. Алдағы үш жылдық бюджеттің барысына тоқталды. Мәселен, қала­лық Коммуналдық шаруашылық басқармасының шығыс­тарына үш жылға – 35 004,7 млн теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен – 21 294,5 млн теңге және республикалық бюджеттен 13 710,2 млн теңге қаралған. Сол секілді энергетика, сәулет-құрылыс және ауыл шаруашылығы басқармаларына үш жылға бөлініп отырған қаржы көлемі айтылды.
Сонымен бірге, отырыста Астананың шет жағында салынған көп қабатты тұрғын үйлердің орталық жылуға қосылмағандығы сөз болды. Олардың дені «автономды жылыту» жүйесін пайдаланады. Дегенмен, аталған автономды жүйенің коммуналдық ақысы қымбат екендігі аян.
Елордаға «табиғи газдың» қажеттілігі жайында пікір айтылды. Өйткені күн суығаннан бері жеке үйлерден шыққан түтіндердің қала экологиясына тигізіп отырған зардабы көп. Ол туралы жауапты тұлғалар әзірше бас қалаға «табиғи газдың» қашан келуі белгісіз, бірақ та осы бағытта жаңа жобалар қолға алынып жатқандығын баяндады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × three =