ҚАРАУСЫЗ ҚАЛЫП, ҚАЗА ТАПТЫ

0 90

22 тамыз күні Астананың Есіл ауданындағы саяжайлардың бірінде өрт шығып, екі бүлдіршін қаза тапты. 

«Өрт сағат 14:27-де сөндірілді. Тілсіз жау­ды ауыздықтауға қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы мен бірнеше техника жұмылдырылды. Оқиға орнынан 4 және 2 жастағы қыздардың денесі табылды» деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тергеу кезінде анықталғаны – ішімдік ішкен келіншек мас күйінде тамақ әзірлемек болған. Ол жанып тұрған газ плитасына тамақ салынған ыдысты қойып кеткен. Үйде ұйықтап жатқан қыздарын ғана қалдырып, өзі сыртқа кетіп қалған екен.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =