Қарашада жауған қар…

0 9

Қазгидромет» РМК деректері бойынша 12 қарашада елордада бір күн ішінде (айлық норма 28 мм болса) 7,0 мм қар түсті. Қар тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылды. Бір түнде 17 мың текше метр қар шығарылды

«12-13 қарашаға қараған күні жауған қардан жолдарды, тротуарларды, алаңдарды және қаланың басқа да қоғамдық аумақтарын тазалау үшін 880-нен астам арнайы техника жұмылдырылды. Сөйтіп бір түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды» делінген хабарламада.
13 қарашада қаланы қардан тазалау ісіне 900-ден астам арнайы техника мен 1800-ден астам жұмысшылар қатысты. Қар қала аудандарында орналасқан 11 полигонға тасылды.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті көктайғақ кезінде негізгі сақтық ережелерін еске салған болатын. Далада құлау қаупін азайту үшін биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, бұдырлы табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз. Жолдың жүру бөлігінде сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз. Тегіс емес, мұз қатқан жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Қолдарыңыз мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмкелер ұстамаңыз, қолды қалтаңызға салып жүрмеңіз, бұл құлау ықтималдығын арттырады. Егде жастағы адамдарға резеңке ұштығы немесе ұшы бар арнайы таяққа сүйеніп жүруге кеңес беріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + ten =