«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қарақұмық бағасы арзандады

0 25

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан 4 ірі сауда орталығындағы бүгінгі азық-түлік бағасы қандай? Elorda.info журналистері, әдеттегідей, базарларды аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын салыстырып қайтты.

images

Өткен аптамен салыстырғанда қандай өзгерістер бар? Біріншіден, сауда жасап жүрген адам саны аз. Десе де «Шапағатта» жұмыс істейтін сатушы Кәлима апамыздың айтуынша, мереке күндерінен кейін сатып алушылар саябырлайды.

– Тұрғындар мереке алдында азық-түлікті көптеп сатып алады. Тауысып үлгермеген болар. Сондай-ақ ақшаларын да жұмсап тастайды. Алдағы демалыс күндері клиенттер көп болады деген ойдамын, – деді сатушы.

Екіншіден, өткен аптамен салыстырсақ қарақұмық бағасы түскен. Сондай-ақ пияз да 20 теңгеге арзандаған. Ал қырыққабат бағасында өсім байқалады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды