Қараөткелден түлеген ҚАҺАРМАН

0 340

Қаламы қарымды журналист Болат Жүнісбековтің «отАсу» деген кітабы қолымызға тиісімен асыға па­рақ­тап, оқып шыққанбыз. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ғұмыр жолындағы ерлігін, жігерін, сын сағаттардағы шешімдері мен сезімдерін паш еткен роман-дилогия жайында түйген ойымызды қағазға түсіріп, уыз қалпында оқырман назарына ұсынғанымыз соңғы сейсенбі ғана еді… Күн сәскеден аспастан «Алаш баһадүрінен айырылды» деген қаралы хабар тарады.

Құзар шың басынан айналасына  ба­йыппен көз тастай қомданған қыран тектес ағаның асыл бейнесі көз алдымызға келе берді сосын. «Ұлтқа қызмет етудің құны – адалдық» деген асыл ағаның бей­несі… «Қазақ – жауынгер халық! Біз сияқты асқақ рухты жігерлі халық жоқ! Сол соғыста жан аямай күрескен тек қазақтар болды! «Известия» га­зетінде тек қазақтардың ерлігі, жігері жазылатын» деп, ағынан жарылған асыл ағаның бейнесі…
Тоқсан жасына қараған шағын­да бақиға аттанған Сағадат Қо­жах­мет­ұлы Арқаның топы­рағында – Аста­наның іргесіндегі Еңбек ауылында (қазір Ақ­мола облысы Ақкөл ауданы) туыпты. Кәдімгі Қараөткелден түлеген, қа­нат қаққан. Кәмелетке толған күннен өмі­рінің соңғы сәтіне дейін Отанына бар ынта-шынтасымен қызмет етті. 1942 жылы адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғысты Солтүстік Кавказда бастап, өзі бас­қарған атқыштар батальонымен жау­ды Берлинге дейін қуды. Ұлы Отан соғысынан кейін арамызға Кеңес Одағының Батыры болып оралды.
Сағадат Нұрмағамбетов Қарулы күш­­-
тер қатарында Азаматтық қор­ғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округының қолбасшысының орынбасары, Венгрия­дағы әскери контингент басшы­сының бірінші орынбасары, Қазақ ССР-і мемлекеттік Қорғаныс ко­ми­тетінің төрағасы қызметтерін абы­роймен атқарып, 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс ми­нистрі лауазымына тағайындалады. Армия генералы атанып, құрметті де­малысқа шыққан баһадүр күні кешеге дейін Президенттің кеңесшісі қызметін атқарды. 1994 жылы Қазақ­стан Респуб­ликасы Прези­денті­нің
Жарлығымен нөмірі бірінші «Ха­лық қаһарманы» орденімен мара­патталады. 1999 жылы елор­дада ашыл­ған «Жас ұлан» рес­пуб­ликалық әскери мектебіне Сағадат Нұр­ма­ғамбетовтың есімі бе­рілді. Ал, оның көптеген ордендерінің арасында Украина, Польша, Чехия, Монғолия елдерінің ең жоғары марапаттары бар.
«Қазанаттың ері ауды, қай­тейік…»
аһ ұрамыз да, қайғырамыз да, аза тұтамыз да. Алайда, асыл ағаның бей­несі, ерлігі, кісілігі ұрпақ жадынан өшпейтіні тағы ақиқат!
Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ, Қазақстан
Республикасы қорғаныс министрі:

Бұл – бүкіл Қазақстан үшін ор­ны толмас қаза.

Біз ұстазымыздан әрі се­німді досымыздан айырылдық. Саға­дат
Қожахметұлы Қазақстан Қарулы Күш­терінің тарихында аңызға айналған тұлға ретінде қалады.
Махмұт НӘЛІБАЕВ, С.Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қордың төрағасы:

 Сағадат – адамзаттың эталоны.

«Ұлт мақтанышы» деп аталатын мұрағат құжаттары бойынша жұмыс істеп, батырды бірнеше қырынан та­ныдық. Алғашқылардың бірі болып, жау­дың ғимаратына енгендігін анық­тадық. Екінші мәрте Кеңес одағы батыры ор­­-
деніне ұсынған құжат­тарды таптық.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − ten =