ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАР АЛҒЫС АЙТТЫ

0 322

as 2 (1)

Қарағанды облысының басшысы Бауыржан Әбдішев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке және қала тұрғындарына су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсеткендері үшін алғыс айтты.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, тасқын судың зардаптарын жою жұмыстарына бүкіл ел көмек-қолдауын көрсетуде. Күні кеше бірінші болып елордамыз – Астана жұртшылығынан 20 тонна гуманитарлық көмек керуені келіп жетті. Көкпекті тұр­ғындары қиын кезде қол ұшын созған барша астаналықтарға, осы сауапты істің басы-қасында жүрген Астана қаласының әкіміне ыстық ықыластары мен жүрекжарды алғыстарын білдіруде» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 3 сәуірінде Қарағанды облысында болған тасқын салдарынан зардап шеккен тұрғындарға 20 тонна мөлшерінде қажетті тауарлар жөнелтілген болатын. Бір айға жететін гуманитарлық көмек 200-ден астам адамға арналған.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 3 =