«Қара сөздер» өзбекше сөйледі

0 37

Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойы аясында ақынның қара сөздері өзбек тіліне аударылып, Ташкентте соның таныстырылымы өтті. Бұл туынды Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі мен Халықаралық түркі академиясының қолдауымен жарық көрді.

Хакімнің тағылымға толы «қара сөздерін» өзбекшеге аударған, педагогика ғылымдарының докторы Қозоқбай Йулдошев. Аудармашы ақынның ғибратты нақыл сөздерін тәржімалауға жарты жылын жұмсапты. «Осыдан сексен жыл бұрын өзбек ақыны Насыл Фазылов Абайдың «Қара сөздерін» өзбек тіліне аударған еді. Онда араб және парсы сөздері көп кездескен. Ал Қозоқбай Йулдошев ойшыл атамыздың еңбегін жаңаша, қазақ пен өзбек тілін жақындастырып аударған» дейді Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің кеңесшісі Руслан Дүйсенов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 3 =