Қар жинау қарқын алды

0 30

Нұр-Сұлтан қаласында қар жинау жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр.

Кеше күнімен жауған қарды сыртқа шығару үшін 860-қа жуық арнайы техника мен 2000 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Коммуналдық қызметтерге әсіресе кешкі және түнгі уақытта қарқынды жұмыс істеуге тура келіп тұр.
Дүйсенбіге қараған түнде қала ішінен 7000 текше метрге жуық қар шығарылды. Бірінші кезекте жолдарда кептеліс болдырмау мақсатында қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылды. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтардағы қар жиналады.
Жиналған қар елорданың әр ауданында орналасқан 11 полигонға шығарылады. Елордада қар жинау тәулік бойы режимде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 4 =