«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қар шығарылмаса, хабарласыңыз!

0 122

Өткен тәулікте қала сыртына 15 мыңнан астам текше метр қар шығарылды. «Астана Тазалықтың» ақпараты бойынша, қар тазалауға мамандандырылған техниканың 379 бірлігі жұмылдырылған.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.
iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады. Telegram-дағы: https://t.me/astanaikomek109_bot чат-боты; astana.gov.kz әкімдік сайты Әлеуметтік желілердегі жарияланым­дарды #astana109 хештегімен белгілеу: Facebook www.facebook.com/astana109/
Instagram www.instagram.com/astana109/.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды