«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қар шығару қарбаласы

0 244

Қаланы қардан тазалау жұмысы тағы қарқын алды. Қазір қалада 389 мамандандырылған техника жұмылдырылған.

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, демалыс күндері қаланы қардан тазалау­ға 296 жұмыскер шыққан. Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 13559 текше метрге жетіпті.
Қар мәселесіне қарай Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтар бойынша «109» нөмірі бо­йынша жауап алуға болатынын, ал қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы сұрақ жолдауға болатындығын еске салады. Сондай-ақ, iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады: Telegram-дағы: https://t.me/astanaikomek109_bot чат-боты; astana.gov.kz әкімдік сайты. Ал осы тақырып­қа қатысты әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109 хештегімен белгілеу қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды