Қар қалыңдап барады…

0 13

Соңғы тәулікте елордада қар толассыз жауып тұр. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

071ed8061f45cf41de8afb6ee221a179

Кешеден бері көшелердегі қарды күреуге 1900-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қар тазалайтын және тасымалдайтын 1000 арнайы техника тоқтаусыз жүр. Қар күреу жұмысы басталғалы бері елордадан 90 мың текше метрге жуық қар полигондарға шығарылды.«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері де елордада қар жауып, боран соғады деп болжануда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 3 =