«ҚАР ПАТШАСЫ» ҚОНАҚҚА КЕЛДІ

0 194

Елеулі елорда тойына арнайы ат басын бұрып келген Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко астаналықтардың назарына «Қар патшасы-2. Қайта оралу» шоуын ұсынды. Ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне енген мәнерлеп сырғанаушылар көптің көңілінен шығып, таң-тамаша қылды.

image-14-06-16-03-49-8

Ганс Кристиан Андерсеннің «Қар патшайымы» ертегісінің желісі бойынша мұз айдынында қойылған шоуда Қар патшасын Евгений Плющенко сомдаса, Герданың рөлінде Ирина Слуцкая ойнады. Оған қоса, Бриан Жубер, Томаш Вернер, Фиона Залдуа, Дмитрий Суханов, Сергей Якименко мен Ирина Усенко, Екатерина және Александр Честныйлар қатысты.

Қарлы патшалықтағы жауыздықтың салтанат құруы, Кайдың көзіне зұлымдық шынысы түсіп, Гердадан теріс айналуы, содан соң Қар патшасы мен Герданың арпалысы сияқты сахналардан құралған ертегіде көрермендер мәнерлеп сырғанаушылардың ғажап өнеріне, цирк қойылымдары мен иллюзия шоуына, сондай-ақ, әуе гимнастшыларының күрделі трюктеріне куә болды.

www.newsfactory.kz
www.newsfactory.kz

Балалар түгіл, олардың ата-аналарынның да көңілін аулаған бұл ертегі елордада үш күн қойылып, 6 рет сахналанады.

Аталмыш әлемдік шоудың тұсаукесері Мәскеуде өтіп, оң бағасын алған. Санкт-Петербург пен Сочи тұрғындары тамашалаған бұл ертегі Астанадан соң алдағы уақытта АҚШ, Финляндия, Франция, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапония мемлекеттерінде шымылдығын түрмек.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − fourteen =