Қар мерекесін қызықтады

0 17

Демалыс күні елорданың Орталық саябағында Дүниежүзілік қар күніне арналған балалар мен жасөспірімдер арасында шаңғы жарыс өтті.Биыл жетінші рет ұйымдастырылған мерекелік жарысқа 200-ге жуық бала мен жасөспірім қатысты. Шаңғы жарысына қатысушылардың ең үлкені 18-де болса, ең кішкентай қатысушы 2 жаста болды. Жарыстың ережесі бойынша алты және одан кіші жастағы ең кішкентай қатысушылар шаңғымен 120 метр жүгіріп өтсе, ал 16-18 жас аралығындағы ұлдар 5 шақырым, ал қыздар 3 шақырым қашықтықта жарысты.
Тағы бір айтарлығы, астаналық қар мерекесіне Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарынан да жас шаңғышылар қатысты. Сондай-ақ жарыспен ата-аналар мен көпшілікке арналған көңілді жаттығулар, қысқы ойындар, қар үстіндегі би де ұйымдастырылды. Ал жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды