Қар күреуде кідіріс жоқ

0 10

Кешеден бері елордада қар тоқтау­сыз себелеп тұр. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері қар күреу жұмысын кешкі және түнгі уақытта қарқынды түрде жүргізіп, жұмысты тәулік бойы күшейтілген режимде жалғас­тыруда. Күн сайын қалада қар күреу жұмысына 2 мыңға жуық жол жұмысшысы мен 1100 арнайы техника жұмылдырылып отыр.

DSC_0131

Соңғы тәулікте ғана қаладан 21594 текше метр қар шығарылды, бұл шамамен 1,5 мың жүк көлігінің көлеміне тең. Биылғы қысқы кезеңде елордадан 1,8 миллион текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына шамамен 135 мың рейс жасалды. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар қардан тазартылып жатыр.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =