«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ҚАР КҮРЕП, ЖОЛДЫ АШТЫ

0 175

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының 200-ге тарта еріктісі «Мейірімді қала» жобасы аясында қайырымдылық іс бастады. Олар қаланың «Көктал» елді мекенінде тұратын алты отбасы үйі­нің айналасын қардан тазалап, қолғабыс көрсетті.

Белсенді жастар көмекке зәру ардагерлерге, жалғызбасты аналарға тұрақты түрде нақты көмек көрсетуден тартынған емес. Мысалы, өткен жылы «Көктал-1», «Көктал-2», «Интернациональный» елді мекендеріндегі 60-тан астам отбасыға қол ұшын беріпті.
Осы орталықтың директоры Болысбек Мұхамеджанның айтуына қарағанда, еріктілер мекенжайлық көмекті бұрынғыдай тек демалыс күндері ғана емес, жұмыс күндері қолға алмақ. Осы арқылы көптеген көмекке зәру жандарды қамтитын болады.
Игілікті істің басында жастардың жүргені де қуантарлық. Өйткені аталмыш аудандардағы жеке үйлерді көктемнің кезінде су басып, әбігерге салатын. Соның алдын алу мақсатында арнайы техника кіре алмайтын көшелерді тазалауда жастардың көмегі құптарлық-ақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды