Қар ерісе қайтеміз?

0 111

Кеше Алматы ауданының әкімі Сапар Ахметовтің төрағалығымен көктемгі қар еру маусымында атқарылатын іс-шаралар мен су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. 

Басқосу басында алдағы ауа райының қандай болатындығын біліп алу мақсатында сөз Астана қаласының Қазгидромет орталығынан келген өкілге берілді. Оның айтуынша, ақпан тосын мінез танытпайтын секілді. Бірақ, күн жылдағыдан он күндей ерте жылиды деген дерек берді маман.

Сапар Ахметов осыдан кейін: «Бүгінгі таңдағы бірінші мәселе қаладан қарды шығару және су тасқынының алдын алу болып табылады» деп күн тәртібіндегі басты шаруа­ны айқындап алды.

Келесі болып мінберге «Есіл бассейні» инспекциясының бөлім бастығы Серік Асқарбеков көтерілді. Әкім оған орынды сұрақтар қойды: Көктемгі қар еру кезінде Есілге келіп құйылатын суды суағарлар өткізе ала ма? Ол үлгермей қалса, сел қаупі төнетіні белгілі, ондай жағдайда не істейміз? Осы мәселе бойынша бұған дейін нақты қандай шаруа істедіңіздер? С.Асқарбеков аудан әкімінен мұндай сұрақтар күтпеді ме екен, көбіне енді не істейтініне емес, бұрын не істегендеріне тоқтала берді. Ақыры ол бұл туралы алдағы жиналыста баяндайтын болды.

Көктемде ақ қар, көк мұздың көбесі сөгіліп, тасқын қаупі төнеді. Осындай қауіп биыл Индустриалдық парк аймағында байқалатын көрінеді. Бұл жөнінде «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» бастығының энергетика жөніндегі орынбасары Ермекбай Сәтеміров баяндады. Слайдпен дайындалған материалға жүгінсек, бұған дейін Ақбұлаққа жылғалар құяр тұста көп нысан болмаған. Сол себепті бұл ауданға аса мән берілмеген. Биыл осы ауданда нақты жұмыстар жүргізілуі тиістігін алға тартқан ол С.Ахметовтен тиісті нұсқау алып, жақын арада іске кірісетін болды.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 12 =