Қар басу, боран, көктайғақ кезіндегі іс-қимыл

0 64

Жыл сайын қысқы мерзімде халық тек қана төмен температураның әсер етуінен ғана емес, сондай-ақ қар басу, боран, көктайғақ сияқты табиғат құбылыстарынан зардап шегеді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайының құрбаны болмас үшін кейбір ауа райы факторлары пайда болғандағы өз-өзін ұстау ережелерінің бірқатарын білу керек.

images

Қатты боран туралы ескертпе алған кезде не істеу керек:

  • Терезелер, есіктер, шатыр­лардың есіктері мен вентиляциялық тесіктерді тығыздап жабу қажет;
  • Терезе әйнектерін қағаз лентамен жабыстырып, қалқандармен жауып қою керек;
  • Электрқуатын сөндіру мүмкіндігіне дайындалу;
  • Су, тамақ, медикаменттер, жеке жарық беретін құралдар (шамдар, керосин шамдары/жанғыштар, балауыз шамдар);
  • Сапарға арналған плитка, батарейкалы радиоқабылдағыш дайындау;
  • Балкондар мен терезе астынан ауа ағынымен ұшып кететін заттарды алып тастау;
  • Теледидар мен радиоқабылдағыштарды әрдайым қосылған күйінде ұстау керек, өйткені аса маңызды ақпараттық хабарлама түсуі мүмкін;
  • Жеңіл құрылыстардан бекім ғимараттарға өтіңіз;
  • Қарды жинау үшін құралдар дайындап қойыңыздар.

Қатта боран кезінде өз-өзін ұстау ережелері:

Қатты боран туралы хабарламаны алу кезінде:

  • Бөлмеден тек қана аса маңызды жағдайда шығу керек, егер осындай жағдай болып қалса, онда көршілерге, жанұя мүшелеріне қайда кеткеніңіз бен шамамен оралатын уақытыңызды айту керек;
  • Бөмеден жалғыз кетуге рұқсат етілмейді;
  • Автокөлікпен жүру тек қана үлкен тас жолдар мен шосселерде рұқсат етіледі;
  • Автокөліктен шыққан кезде көру аумағында қалу керек;
  • Көлік құралы сынып қалған кезде дабыл беріп, капотты ашып, антеннаға жарқын мата іліп, көмекті көліктің ішінде күту керек;
  • Жолдан жаяу жүріп адасып қалсаңыз кез келген үйге кіріп, оның тұрған жерін анықтап, сонда боранның аяқталуын күтуге тырысыңыз;
  • Егер шаршап қалсаңыз, тығылатын жер тауып сонда демалыңыз;
  • Бейтаныс адамдармен сөйлескенде абай болыңыз, себебі осындай жағдайларда автокөліктерден, үйлерден және қызметтік ғимараттардан ұрлық саны күрт өседі.

Ж.ЗЕЙНУЛЛИН, Алматы ауданы ТЖБ инженері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + fifteen =