Қанжығада – 10 алтын

0 100

8366-41408359f22e7a4b0f4d385849102c5c-2-asli

Алматыда өтіп жатқан Бүкілдүниежүзілік Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы жүлделер саны бойынша әзірге екінші орында келеді.

Жексенбі күні Қазақстан құрамасы қоржынына екі медаль түсті. Шорт-трек жарысында бірнеше жүлде аламыз-ау деген үмітіміз ақталмай қалды. Сынға түскен спорт­шы­ларымыздың арасынан тек Нұрберген Жұмағазиев жүл­деге ілікті. Ол 1500 метрге жүгі­руден қола медаль иеленді. Ал аралас биатлон бәсекесінде Га­лина Вишневская, Дарья Усанова, Антон Пантов және Василий Подкорытов төрттігі күміс жүлдеге қол созды.
Шайбалы хоккейден Қазақ­стан ерлер құрамасы жақсы өнер көрсетуде. Біздің студенттер Швеция құрамасын 4:0 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалға өтті. Енді олар ақтық кездесуге шығу үшін Чехия құрамасымен кездеседі. Ал екінші жартылай финалда Канада мен АҚШ құрамалары өзара сынға түседі.
Әзірге Ресей құрамасы командалық бірінші орында нық тұр. Олардың еншісінде 19 алтын медаль бар. Үшінші орында 7 алтын жүлдесімен Корея құрамасы келеді.
Ертең Универсиаданың соңғы жарыс күні.

Ғалым  ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + eleven =