ҚАНТ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

0 115

Астаналық базарларда тұрақтандыру қорынан бөлінген азық-түлік өнімдері сатыла бастады. Оның ішінде халық көп баратын сауда орындарында бүгінде тосап қайнатуға байланысты сұранысқа ие болып отырған қант құмшекерінің бір келісі 260 теңгеден сатылуда.

«Шапағат» коммуналды базарында құмшекердің бағасы 10 теңгеге арзан» дейді «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ активтерді басқару департаментінің бас менеджері Әуез Қарабалаев. Оның айтуынша, коммуналды базарда сауда орнын жалға алушылар азық-түлік өнімін арзандатып сатады.

Биыл көктемде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізбесін бекіту жөнінде Үкіметтің ұйғарымына өзгерістер енгізілген болатын. Осы ретте «Шапағат» коммуналды базарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің 19 түрі қолжетімді бағамен сатылып келеді. Коммуналды базарда баға төмен болғаннан кейін жұртшылық оған көп барады. Мұнда күніне 5 мыңға дейін адам бас сұқса, демалыс және мереке күндері тұтынушылар қатары 2-3 есе өседі.

Бас қалада ЭКСПО көрмесі кезінде келушілерге ыңғайлы болу үшін коммуналды базардың жұмыс кестесі өзгерген. Базар таңертеңгі 10.00-ден түнгі 23.00-ге дейін жұмыс істейтін болып отыр. Егер бұл жұмыс кестесі өз тиімділігін көрсетсе, онда коммуналды базардың жұмыс уақыты көрме аяқталған соң да осы қалыпта жалғасатын болады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 2 =