ҚАҢҒЫБАСТАР ҚАРА СУЫҚТА ҚАЛМАЙДЫ

0 94

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауа райының күрт суып, температураның төмендеуіне байланысты­ Астана қаласында криминогенді оқиғалардың алдын алу және белгілі тұрағы жоқ жандардың жаурап,­ аяқ-қолдарын үсікке шалдырмауы­ мақсатында 1 желтоқсаннан бастап Әлеуметтік бейімделу орталығында жылжымалы тамақтану пункті қызметі ашылады. 

 

 

Былтырғы ресми мәліметтерге сүйенсек, баспанасы жоқ қаңғы­бас­тардың үсіктен мүгедек қатарына қосылып, қазаға ұшырағандары аз болмаған. Осыған орай, қалалық мәслихат сессиясының отырысында жылжымалы тамақтану, жылыту пункті мәселесі көтеріліп оң шешімін тапты. Жылжымалы тамақтану пункті қыс мезгілінің алғашқы күні­нен бастап іске кіріседі. Пункт арнайы көліктермен қаладағы белгілі тұрағы жоқ адамдардың көп жинала­тын орындарына барып қызмет көрсетпек.
Үй-күйсіз жүрген адамдар елор­да­дағы әлеуметтік бейімдеу орталығына келуін-келгенмен, тәртібіне көндік­пей жиі кетіп қалады. Орталық бас­шы­лығы оларды еркінен тыс ұстай ­ал­май­ды. Қазіргі таңда қаланың барлық тиісті мекемелері бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста. Орталықтың диспетчерлік қызметі күн сайын барлық тірек пункттеріне қоңырау шалып, әлеуметтік патруль жедел қызметінің рейдке шығу жұмысын ұйымдастырады. Рейд арқылы әлеуметтік көмекті қажетсінетін адамдар орталыққа жеткізіледі. Орталықта барлық жағдай жасалған. Үш мезгіл тамақ, таза төсек-орын беріледі, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі. Көрінген жерде түнеп жүргендіктен, ондай жандарда түрлі аурулар, инфекциялар (ашық түрдегі туберкулез, ЖИТС, аса қауіпті тері аурулары) таратуы мүмкін. Сондықтан, орталыққа жеткізілісімен медициналық тексеруден өткенше, оқшаулау бөлмесіне орналастырылады. Егер жұқпалы аурулардың бірі табылса, дереу медициналық-санитариялық мекемеге жіберіледі.
Айта кетерлігі, орталықта түнгі ауысым да жұмыс істейді. Мұнда белгілі тұрағы жоқ адамдардың түнеп, жуынып, қырынып, тазаланып алуларына мүмкіндік бар.
Әлеуметтік бейімделу орталығы 180 орынға есептелген. Қыста қызмет алушылардың саны 250-ге барады. Ал Ішкі істер басқармасының мәліметіне қарағанда, қалада үйсіз-күйсіз жандардың саны құбылмалы, шамамен 1000-1300-дің төңірегінде.
Әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметін пайдаланушыларды үш типке бөлуге болады: біріншісі, өмірдің қиыншылығынан қажығандар, екіншісі, әлі де өмірден үміт үзбегендер, оларға еңбек терапиясы арқылы көмек көрсетіледі. Ал соңғысы, мүлде ойсыз, мақсатсыз, бәрінен күдер үзгендер.
Әлеуметтік бейімдеу орталығы дис­пет­чер­лік бөлімінің байланыс телефоны: 53-18-24.

 

Мұрат КАРИЕВ,
Әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 4 =