«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қаңғыбас иттен қауіп қандай?

0 357

Қаңғыбас иттер елорда тұрғындарына шабуыл жасауда. Демалыс күндері балалар аулада алаңсыз ойнай алмайтын күйге жетті. Жыл басынан бері Астанада 2000 адамды қаңғыбас иттер мен мысықтар қауып алыпты! Өкініштісі, олардың жартысына жуығы – балалар. Көп жағдайларда үйсіз-күйсіз жануарлар адамдарға шабуыл жасаған.

Астаналық Айтхан Хасенов «Өндіріс» тұрғын үй ауданына барған жұмыс сапарын әлі күнге қорқынышпен еске алады. Ол бір көшенің қиылысында әйел адамға иттің жүгіргенін көріп, көмекке ұмтылған. Бірақ, қаңғыбас ит қорқудың орнына өзіне бас салыпты. Әйелді құтқарып, долданған итті біраз жерге дейін қуып тастағанымен, өзі ауруханадан бір-ақ шыққан. «Иттің тістеген жерінің қатты ауырғаны рас. Көпке созбай, ауруханаға бардым. Дәрігерлер жедел медициналық көмек көрсетті. Қалғанын айтқым келмейді» дейді ол. Қазір қаңғыбас итті санитар-дәрігерлер іздестіруде. Себебі оның құтырған ит екенін анықтау үшін қан алады.
Мамандар болса, құтырған иттерден сақтанудың бірден-бір жолы егілу екенін ескертеді. Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау департаментінің жетекшісі Сәдуақас Байғабылов бас қалада бар-жоғы 1885 адамның егілу жолымен қаңғыбас үй жануарларынан сақтандырылғанын айтады. «Бұл жердегі ең сенімді сақтанудың жолы – егілу. Үй жануарлары тістеген немесе жарақаттаған жағдайда тегін егілуге болады. Өйткені құтырудың екі түрі бар. Соның бірі – қаладағы үй жануарларының құтыруы, екіншісі – табиғи: жабайы жануарлардың (түлкі, қасқыр және т.б) құтыруы» деп түсіндіреді мәселені ол.

Елорданың қаңғыбас иттер көп шоғырланған жері – Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандары. Құзырлы органдардың мәліметінше, әзірше құтырған иттерді аулаумен айналысатын бір ғана компания бар. Биыл ит аулайтын бригадалар 4 000-нан аса қаңғыбас иттерді ұстаған. Тіптен, қалалық әкімдік бюджеттен осы мақсатқа 60 млн теңге қаражат бөліпті. Ұс­талған иттерді арнайы қамайтын жерлерде 60 күн асырайды. Қазір иттердің «уақытша абақтысында» 600 төбет бар көрінеді. Егер де бір айдың ішінде оларды қожайындары немесе волентерлер алып кетпесе, тұншықтырып өлтіреді. Сондай-ақ бұл мәселені ит-мысықтарын қаңғытып жіберген қожайындарына қатаң жаза белгілеу арқылы да шешуге болады. Әзірше, бізде ондай жаза қолданылмайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды