«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қанды оқиғадан соң базарлар тексерілуде…

0 195

Мұз айдынның мұзбалағы Денис Теннің қазасы қоғамдағы көп былықтардың басын ашып берді. Мәселен, үш қалада полиция қызметкерлері автокөлік базарларын қоршап алды.

Шымкенттегі «Тұлпар-­2030» ба­зарында 200-ден астам құқық қор­ғаушы автокөліктер­дің қожайындарын, тіркелген жерін тексеруге кірісті. Полицейлер автокөліктің жекелеген бөлшектерін сатуға қажетті құжаттардың бар-жоғын да тексеруде.
Алматыдағы «Жібек жолы» базарынан полицейлер 416 адамды ішкі істер органы мекемесіне жеткізді. Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, 416 адамның құжа­ты болмаған. Алайда жеке басын тексерген соң 316-сы босатылып, төлқұжаты жоқ 100 адам уақытша қамауға алынған. Рейд барысында 82 автокөліктің қылмысқа қатыстылығы тексерілген. Рейдтің нәтижесінде құқық қорғаушылар осы базарда сатылымға шығарылған ұрланған екі велосипедті тауып алыпты.
Астанадағы «Қамқор» және «Титан» автокөлік базарлары да бақылаудан тыс қалмады. Жедел алдын алу шаралары барысында ІІД-нің қызметкерлері алыпсатарлар арасында түсіндіру жұмыс­тарын жүргізді. Астана ІІД қылмыстық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов мұндай операциялар тұрақты түрде өтетінін мәлімдеді. Оның айтуын­ша, қазір елордада авто­көліктің айнасы мен аккумуляторын ұрлау жиілеп кетіпті. «Тексеріс кезінде біз растайтын құжаты жоқ бұрын қолданылған көптеген бөлшектерді анықтадық. Оларды сатып тұрған адамдар бұрынғы иесін де, қай жерден алғанын да білмейді» дейді  Д.Демидов.
Тек осындайда тексеріс­тер бұрын неге тұрақты болмаған деген сауал туындайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды