ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЗОР

0 127

Шабыт

Биыл 3-8 қараша аралығында Астана қаласында кезекті XVII Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылығы фестивалі өткізіледі. Қазір  осы додаға қатысушылардың өтініштерін қабылдау уақыты аяқталып қалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «халықтық музыка» аталымы бойынша көрші Қытай еліндегі қандастарымыздан келіп түскен өтініштер көп екен. Яғни, сазсырнай, жетіген, сыбызғы, най сияқты үрмелі аспаптарда шебер ойнатын қандастарымыз Астанадағы фестивальге қатысып, бағын сынамақ ниетте. Ал, еліміз бойынша өтініштер саны жағынан Солтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент өңірінің өнерпаздары алда тұр.

Биылғы фестиваль бұрынғыдан өзгеше болмақ. Атап айтқанда, биыл «халықтық музыка» мен «камералы хор» аталымдары енгізіліп, осы сала бойынша машықтанған жастарға өз бағын сынап, көзге түсуге мүмкіндік бар.

Олай деуге себеп, бұл бәйгеге қазылық етуге әлемдік деңгейдегі өнер шеберлері баға бермек. Ал, ең бағалы сыйлық – Президент кубогі  екені белгілі. Сондай-ақ, бас жүлдеге – лауреат дипломы, медаль және 250 000 теңге тағайындалып отыр.

Ең бастысы, «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалінің жүлдегері атану жас дарын иесі үшін үлкен сахна есігін ашуға зор мүмкіндік екендігін естен шығармағаны жөн.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − fourteen =