Қандастарға – онлайн концерт

0 39

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылауға арналған «дөңгелек үстелге» қатысып, 11 бағыттан тұратын Жолдаудағы ең басты бағыт елдің әл-ауқатын жақсарту екенін, сондай-ақ бұл құжат өтпелі кезеңдегі ел дамуына жаңа серпін беретінін атап айтты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мұрындық болуымен былтыр басталған «Ұлы дала елінен» жобасы аясында «Халық қазынасы» мемлекеттік өнер ұжымы шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» атты онлайн концерт ұсынады.
Қазақ диаспорасына рухани қолдау көрсету және шетелдегі қандастармен байланыс­ты нығайту мақсатында өтетін концертті Дүние­жүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» КЕАҚ және «Қазақконцерт» ұйымы бірлесіп ұйымдастырады.
27 қыркүйек күні сағат 21.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) тікелей эфирде өтетін онлайн концертте дәстүрлі ән-күй өнерінің белгілі саңлақтары өнер көрсетеді. Онлайн концерт «Отандастар қоры» КЕАҚ Otandastar channel YouTube арнасында көрсетіліп, баршаға қолжетімді болмақ.
Тікелей эфирде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері ­Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Ерболат Шалдыбеков, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова және халықаралық байқаулардың лауреаттары Асқар Мұқият, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс өнер көрсетеді. Әртіс­тер көпшілік сүйіп тыңдайтын ұлттық музыкалық туындылар мен жаңа музыкалық композицияларды орындайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − eighteen =