Қандастардың қаншасы қоныстанды?

0 13

Жыл басынан бері атажұртқа оралған қандастардың 5,4 пайызы елордаға қоныстанды. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам тарихи отанына оралды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 млн 74,3 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Жыл басынан бастап Қазақстанға көшіп келген қандастардың жартысынан астамы (75,6%) Өзбекстаннан, 11,9% – ҚХР-дан, 5,8% – Түркіменстаннан, 3,0% – Моңғолиядан және 3,6% басқа елдерден келген. Олар, негізінен, Алматы (32,6%), Түркістан (16,5%) және Маңғыстау (14,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,0%) және Нұр-Сұлтан (5,4%) қалаларына қоныстанған. Олардың арасында еңбекке қабілеті барлар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 24,1%-ды, зейнеткерлер 16,0%-ды құрайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − nine =