«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қандай жәрдем көрсетіледі?

0 140

Астанадағы көпбалалы немесе жағдайы төмен отбасыларға көрсетілетін жәрдем түрлерін жұртшылық біле ме?

Қазақстан бойынша жалғыз Астана қаласында ғана 1-4-сынып оқушылары (76767 бала) тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, жағдайы төмен отбасылардан шыққан 5-11-сынып оқушыларға (1772 бала) да мұндай жағдай қарастырылған.

Қазіргі уақытта барлық отбасы 01.0.2018 жылға дейін тағайындалған 10504 теңге көлеміндегі мемлекеттік арнайы жәрдемақы алады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақы, балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек секілді 3 төлемді біріктірді. Қазір 924 отбасы (4601 адам), ал оның ішінде 434 көпбалалы (2962 адам) отбасы жәрдем алып отыр.
Бүгінде елорда бюджетінің 56 пайызы, яғни 149,8 млрд теңге көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға, мүгедек жандарға, зейнет­керлерге қарастырылыпты. Олар үшін қоғамдық көліктерде тегін жүру, ал мүгедектерге инватакси қызметі қамтамасыз етілген.
Бір айтарлығы, Қазақстан бойынша жалғыз Астана қаласында ғана 1-4-сынып оқушылары (76767 бала) тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, жағдайы төмен отбасылардан шыққан 5-11-сынып оқушыларға (1772 бала) да мұндай жағдай қарастырылған.
Сонымен қатар, көпбалалы, жағ­дайы төмен отбасыларға, ата-анасынан айырылған балаларға жыл сайын мектепке қажетті заттар, әр мезгілге сай киімдер жеткізіледі және сауықтыру орындарына тегін орындар бөлінеді. Жыл сайын 6500 балаға осындай жағдай жасалса, 2700-ден аса бала жазғы лагерьге жіберіледі.
Айтпақшы, жоғарыда аты атал­ған топтарға әкімдік тарапынан арнайы білім гранттары да бөлінген. Былтыр 122 грант берілсе, оның 113-і көпбалалы отбасылардан шыққандарға тиіпті.
Жалпы, балаларды мектепке де­йінгі біліммен қамту 95 пайызды құрайды. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі оқытумен қамтылған 50158 баланың 18000-ы жекеменшік балабақшаларға барады. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы бюджеті 15 млрд теңге болса, оның ішінде 6 млрд теңге жекеменшік балабақшаларға жұмсалады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды