Қандай нысандар жұмысын бастайды?

0 54

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия­ның отырысында 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын қызмет түрлерінің тізімі бекітілді.

Осыған орай, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-
Сұлтан қаласында жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің мынадай қызмет түрлерінің тізімі айқындалды.
– өнеркәсіптік кәсіпорындар;
– құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
– көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
– автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;
– екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;
– қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.
Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдеріне тиісті шараларды қабылдап, жұмысы қайта жанданатын нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің сақталуына қатаң бақылау жасауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + three =