Қанат ӨКСІКБАЕВ, Jоо.kz жобасының авторы: Талапкерлердің тегін білім алуына көмектесеміз

1 2  484

Көктем келе салысымен мектеп бітірушілер болашақ мамандықтары мен оқу орындары жайлы жан-жақтан ақпарат іздеп, қамдана бастайтыны белгілі. Алайда мұндай мәліметтердің бәрін бір жерден табу қиын: әр жылда бөлінген гранттар тізімі, оларға түсудің шектік балы, ЖОО орналасқан қалалар секілді деректерді талапкерлер алуан түрлі сайттар мен газет беттерін ақтарып отырып іздеуге мәжбүр. Осы мәселені ескерген Қанат Өксікбаев жақында Joo.kz атты жобаны жасап шығарды. Әңгіме барысында ол бізге аталған стартаптың ерекшелігі мен мақсатын айтып берді.

 

Идея қалай туды?

2017 жылы бір досым­мен кездескен едім. Кө­ңіл күйі түсіп кеткен. Мән-­жайды білсем, қарындасы оқу бітіріп, ҰБТ-дан 68 балл алыпты. Уайымы – грантқа үміт жоқ, ал ақылы түрде оқытуға қалталары көтермейді.
Сосын екеуміз интернет­тен грантқа қатысты ақ­парат іздеуге кірістік. Ақы­рында барлық мүмкіншіліктерді асықпай саралап, грантқа ілігу ық­тималдығы ең жоғары төрт мамандыққа құ­жат тапсырдық. Нәтижесінде әлгі қарындасымыз үшінші таңдаған мамандығы бойынша мем­­­лекеттік грант иегері атан­ды. Әке-­шешесінің ­қуанышында шек жоқ.
Осы жағдайдан соң ­та­­лапкерлерге ЖОО мен ма­­мандықтар жайлы то­лық­қанды мәлімет бере­тін, сондай-ақ олардың ҰБТ-да жинаған балы бо­йынша грант иелену мүмкіндіктерін саралап беретін портал ашуды ойластырдым.

 

Портал қандай мәліметті ұсынады?

Joo.kz порталында отандық ЖОО, олардағы оқу ақысының жылдық орташа мөлшері, жатақханасы және әскери кафедрасының бар-жоқтығы, студенттерінің саны, әр мамандықтың қай жерде оқытылатыны және оларға түсу үшін қажетті таңдау пәні тәрізді мәлімет жан-жақты көрсетілген. Әдетте, талапкерлер тарапынан «IT саласын оқытатын қандай университеттер бар?» немесе «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдасам, қандай мамандықтарға түсе алам?» деген сықылды сұрақтарды көп естиміз. Порталдың жоғарыдағыдай бөлімдері осының бәріне жауап береді.
Мұнымен қоса, сайт Big Data сияқты заманауи тех­нологияларды қолдана отырып, 2014 жылдан бергі ҰБТ-ға қатысты барлық статистика бойынша сараптама жасауға қауқарлы. Яғни талапкер өзінің жинаған балы мен таңдау пәнін енгізу арқылы қандай университеттің қандай мамандығына түсу ықтималдығы жоғары екенін анықтай алады.

 

Анализ 90 пайыз дәлдікті көрсетті

Портал freemium бизнес моделі бойынша жұмыс істейді. Бұл термин ағылшынның «free» («тегін») және «premium» («жоғары сапалы») деген сөздерінің қосындысынан шыққан. Талапкерлер порталдың біраз қызметін тегін пайдалана алады, ал өздерінің қандай мамандықтарға түсуге мүмкіндігі барын білгісі келіп, жеке сараптама жасатам десе, бұл қызмет ақылы. Әр баланың бір жылдың орташа чегі шамамен 5 мың теңгенің айналасында шығады. Төрт жыл бойы грант бөлімінде білім алуының арқасында жеткіншек қанша қаржысын үнемдейтінін ескерсек, бұл – өте арзан сома. Әдетте, жыл сайын талапкерлерді «оқуға түсіріп беруге уәде беретін» алаяқтардың саудасы қызады, мұның да бас­ты себебі – мектеп түлектеріне арналған ақ­паратты тү­гелімен бір жерге жинақтайтын се­німді дереккөздің жоқ­тығынан.
Біз жыл сайын қолда бар 2014 жылдан бергі мә­­лі­метті пайдаланып, бол­­жам жасаймыз. Грант ті­зімі шыққаннан кейін салыстырсақ, әлгі болжам­дарымыздың шамамен 90 пайызы дәл келеді.

 

Он күнде – 1353 сұраныс

Былтырғы және алдың­ғы жылы біз осы жобамыздың қаншалықты сұранысқа ие болатынын тексермек мақсатында порталдың автоматтан­дырылған нұс­­­қасын жа­садық. Сайт әлі толық жасалып бітпесе де, жан-­жақтан ағылған сұ­рақ­тарға көміліп қалдық. Мысалы, 2018 жылы он күннің ішінде түлектерден 1353 өтініш келіп түсті. Демек, бұл – қазақстандық мектеп бітірушілері шынымен де біз ұсынатын ақпаратқа зәру деген сөз. Бұлардан бөлек, әлеумет­тік же­лі­лердегі ресми парақшаларымызға да дамыл жоқ. Талапкерлер көбінесе болашақ мамандықтарына түсудің шектік балын, таңдаған пәндеріне сәйкес келетін мамандықтар тізімін, белгілі бір мамандықты оқып бітірген соң қандай жерлерде жұмыс істей алатынын сұрайды. Сондай-ақ, «Журналистикаға түсу үшін шығармашылық емтиханда не істеуім керек?», «Тілді те­зірек меңгеру үшін қандай кеңес бересіздер?», «Мамандық таңдауда қателесу деген үрейден қалай арылуға болады?» деген тәрізді арнайы маманның жауабын қажет ететін сұрақтар да түседі.

  1. Жанат :

    Мен биылғы талапкер едім.Қазақ т ,қазақ әдебиет пәнін таңдап 68ұпай алдм,Серпінге іліге аламнба?

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − 9 =