Қан тапсырған – өмір сыйлайды

0 22

Нұр-Сұлтан қаласында «Қан тапсыр – өмір сыйла» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы ұйымдастырған шараға алдымен елордалық этномәдени орталықтардың өкілдері мен қала тұрғындары келді. «Достық» үйіне жиналған қан тапсырушылар орталық дайындаған барлық талаптарды орындап, донор болды.
«Бұндай қан тапсыру акциясына жыл сайын қатысамын. Жасым 59-да. Жылына бір мәрте донор боламын. Ең алғаш осыдан қырық жыл бұрын туысқанымыздың баласы көлік апатына ұшырағанда қан тапсырдым. Содан бастап адам өмірін сақтап қалу үшін өз үлесімді қосып келемін. Қан орталығынан құрылған арнайы топ мамандарының дәл жұмысымыздың алдына келіп, қызмет көрсетіп жатқандары бізге өте ыңғайлы болды. Жұмыстан сұранбай-ақ қаншама жанашыр жандар қан тапсырып келіп жатыр» деді «Достық» үйінің қызметкері Қанатбек Әмірбеков.
Белгіленген уақытқа дейін шамамен 30 адам донор атанып, өзге жандардың өміріне үміт отын сыйлауға көмектесті.

Көктем ҚАРҚЫН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 5 =