ҚАМҚОРЛЫҚТАРЫН СЕЗІНІП ҚАЙТТЫҚ

0 130

Дом отдыха Нура

Астана қаласының ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен 23 маусым-4 шілде аралығында Алматы ауданы ардагерлер кеңесіне қарасты 15 зейнеткер қаладан 40 шақырым жерде орналасқан «Нұра» демалыс үйінде тынықты.

Қаланың шуы мен ми қайнатар ыстығынан аулақта, саялы табиғат, тыныш өзен жағасында демалу қарттардың көңілінен шықты. Демалыс үйінде зейнеткерлер үш мезгіл тамақтанып, бос уақыттарында теледидар көріп, газет оқып, шахмат ойнап, өзара бастан кешкен қызықты оқиғаларын айтып, бір-бірімен жақын танысты. Біздің басы-қасымызда қалалық ардагерлер кеңесінің өкілі Балғабай Ғаббасұлы үнемі бірге жүрді. Қариялардың денсаулығын медбике Гүлмира Қожабаева күнделікті бақылап отырды.

Зейнеткерлерге жасаған қамқорлығы үшін демеушіміз «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС-не, қалалық ардагерлер ұйымына және оның төрағасы Амангелді Хамзеұлына, «Нұра» демалыс үйінің ұжымына зор ризашылығымызды білдіріп, келешектегі еңбектеріне табыс, өздеріне зор денсаулық тілейміз.

Зейнеткерлер атынан: Балкен Қасенова

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 5 =