ҚАМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

0 100

инвавтобус

Астана қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Қ.Сұлтанбековтың қатысуымен мүгедектер тұрмысын жақсарту және олардың құқықтарын қорғау жөнінде үйлестіру кеңесі болып өтті.

Жиында мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамту мәселесі әңгіменің негізгі өзегіне айналды. Сондай-ақ, олардың жан жарасын ескере отырып, денсаулықтарын үнемі қадағалап отыру мақсатында әрі білімдерін жетілдіру жолында атқарылып жатқан шаралар нақтыланып, алдағы жылдарға жоспар құрылды.
Тағдырдың ауыртпалығын көтеріп жүрген осындай мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыздың санына, жасына және сырқатына байланысты құзырлы орган өкілдері өздерінің қолдарында бар барлық мүмкіндікті пайдалану арқылы жақсылық жасайтындарын айтып баяндама жасады.

Қазіргі уақытта қаладағы үш аудан бойынша да игі бастамалар қолға алынып, әкімдік тарапынан мүмкіндігі шектеулі балаларды мектептер мен колледждерде оқытуға жағдай жасалынып отырғаны анық. Бұл ретте ата-аналар көтеріп жүрген мәселелер де жоқ емес. Олар оқыту орталықтарының саны аздығын айтып, кейбір балалардың мемлекет саясатынан тыс қалып қою қаупінің бар екенін жеткізді. Сонымен қатар, ересектердің де жұмысқа орналасу жағдайы толық шешіліп болмағанын білдік. Әрі қала бойынша арнайы автобустар мен таксилердің де аздығы – көптің көңілінен шықпай жүрген үлкен мәселе.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 5 =