ҚАМКӨҢІЛДЕРГЕ ҚАРАЙЛАСТЫ

0 93

Астана қалалық прокуратурасы қызметкерлерінің демеушілігімен «Мейірімділік-М» қоғамдық қорының тізімінде тұрған мүгедек және көпбалалы отбасы балаларына 20 компьютер сыйға берілді.

Қоғамдық қорының директоры Мамыр Қасымов атымтай жомарт азаматтарға бүлдіршіндерді қуантып, шаттыққа бөлегендері үшін ақжарма тілегін айтты. «Бала – бауыр етің», «Бала қуанса, бір бақыт» деп жатады ұлтымыз. Осы орайда, қамкөңіл жеткіншектерге қол ұшын созып, жаңа заман талабына сай құрылғы сыйлаған ел ағаларына Тәңірден нұр жаусын деймін. Осы бүлдіршіндер келешекте ел қамын күйттер ер болатынына сенімім зор» дейді М.Қасымов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + two =