ҚАМКӨҢІЛДЕР ҚАМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

0 74

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Наванетхем Пиллэй елордада баспасөз мәслихатын өткізіп, Қазақстан Мүгедектер құқықтары жөніндегі конвенцияға қосылатынын мәлім етті.

БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары атап көрсеткендей, Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшелігіне өтуге деген ұмтылысы халықаралық қауымдастықтың на­зарын күшейте түспек. Осы орайда, ол тиісті заңнаманы жетілдіруге кеңес берді.

Наванетхем Пиллэй,
БҰҰның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары:

Мен тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде адам құқықтары саласындағы жоғары стандарттарға жету Қазақстан сияқты үлкен мемлекет үшін оңай шаруа емес екендігін жақсы түсінемін. Дегенмен, бұл ел қазірдің өзінде біраз жетістіктерге жетті. Меніңше, Қазақстан адам құқықтары саласындағы барлық қиыншылықтарға төтеп беріп, Орталық Азия үшін ғана емес, басқа аймақтарға да үлгі бола алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × one =