«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қаллекиліктер концерті

0 31

Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық- драма театрында өнер ошағының әртістері мен симфониялық оркестрінің (бас дирижері – мәдениет саласының үздігі Ерлан Бейсембаев) «Тыңда» атты концерті өтті.

275377622_1162487850957082_7255430250507053789_n

Поэзия мен музыка қатар өрбіген кеште көрнекті ақын Жарасқан Әбдірашұлының өлеңдері, Абай әндері, қазақ және кеңес композиторларының туындылары, бүгінгі сазгерлердің шығармалары, «Тақиялы періште» фильміндегі әндер шырқалды. Кеш мың бұралған бимен көркемделді.

Атап айтқанда, Еркеғали Рахмадиевтің «Дайрабай», Нұрғиса Тілендиевтің «Сарыжайлау», Астор Пьяццолланың «Libertangо», Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр», Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы», Александра Пахмутованың «Мелодия», Қуат Шілдебаевтің «Отан-­ана» туындыларымен қатар Батырхан Шүкенов репертуарындағы әндерден попурри орындалды.

Концертте «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жасұлан Ерболат, «Серпер» жастар одағы сыйлығының иегері Шах-Мұрат Ордабаев, актер Нұрсұлтан Есен, актриса Диана Жолдыбек, актер Біржан Жүнісов өнер көрсетті.

Әсия НҰРБЕКҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды