«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қалдықсыз қалаға айнала ма?

0 190

Елордада қоқыс қалдықтарын өңдеудің қуаттылығы 2019 жылы 75 пайызға жететін болады. Бұл жөнінде қала әкімі Әсет Исекешев халық алдында есеп беру кезінде кеңінен баяндады.

Әкімнің пікірінше, абаттандыру жұмыстары мен экологиялық қауіпсіздіктің маңызды элементтерінің бірі – қалдықтарды басқару жүйе­сі. Осыған байланысты биыл көлемі 5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылмақ. Аталмыш қаржы қалдықтарды тиімді өңдейтін технологияны енгізуге жұмсалады. «Қанатқақты жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жетекші елдердің тәжірибесі бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар «құрғақ» және «ылғалды» фракцияларға бөлініп жиналатын болады. Бұдан кейін «жасыл» энергия өндірілетін органикалық қалдықтарды өңдеу технологиялары енгізіледі. Біздің мақсат – қалдықтарды өңдеу қуаттылығын 2019 жылға дейін 75 пайызға жеткізу» дейді Әсет Исекешев.
Айта кетейік, бүгінде елорданың 1842 алаңына 10 мыңнан астам контейнер қойылған. Тұрмыс­тық қатты қалдықтарды шығарумен «Clean City NC» кәсіпорны айналысады. Мекеме қалдықтарды таситын жаңа 30 көлік пен 2000 контейнерді сатып алуға 1,2 млрд теңге қаржы жұмсаған.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды