Қалдық кәдеге ­жарады

0 182

Биылғы қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептер арасында қалдықты сұрыптап тастау бо­йынша «Эко Асар» экологиялық және қайырымдылық шарасы жүргізілді.

«Бұл шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына қалдықты қайта өңдеуге болатынын түсіндіру арқылы оларды шыны, пластик, қағаз сияқты қалдықтарды сұрыптап тастауға үйрету. Нәтижесінде елордадағы мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің атсалысуымен 60 мың тонна қалдық жиналып, одан түскен қаржыға 12 ноутбук сатып алынды. Бұл ноутбуктар аз қамтылған отбасылардың балаларына беріледі. Сонымен қатар қараусыз қалған ит-мысықтарды ұстайтын тұраққа үй жануарларының азық-түлік қорын сатып алуға көмек көрсетілді» деді «ӨКМ операторы» ЖШС баспасөз хатшысы Жомарт Рахымжан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 4 =