Қалаулылар қазақшаны қалайды

0 135

Бұрнағы күні Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне келген Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Егор Каппель жаңадан құрылған Тұтынушылар құқын қорғау агенттігіне қолдау көрсету жөнінде айтты.

Онымен бірге брифингке қатысқан әріптестері Розақұл Халмұрадов, Роман Ким, Надежда Нестерова, Ахмет Мұрадов Ассамблеядан Парламенттің төменгі палатасына сайланғандардың мақсат-мұраттарына тоқталды.
Депутат Розақұл Халмұрадовтың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ресей лингвисі Дмитрий Петровтың әдістемесі негізінде «Тіл дарын» бағдарламасын енгіз­ген.­ Ал, Қазақстандағы корейлер қауым­дас­тығы балабақшада қазақ­ тілін үйрететін жобаны жаса­ған. Әзір бұл жоба Алматы қала­сы­ның­ бала­бақшаларында сынақтан өтіп жатқан көрінеді.
Осыдан 7-8 жыл бұрын Қазақ­стан өзбектерінің достық қауым­дас­тығы өзбек тілінде сабақ өтетін мектептердегі кейбір пәндерді қазақ тілінде оқыту жобасын енгізді. Қазір өзбек мектептерінде Қазақстан тарихы пәні қазақ тілінде оқытылады екен. Жоба енгеннен кейін 3-4 жыл өткен соң сол мектеп түлектерінің 85 пайызы мемлекеттік грантқа ие бола бастағанын көріп, Ассамблея атынан депутаттыққа сайланғандар осы жобаны Білім және ғылым министрлігіне ұсын­ған. Алайда, министрлік мұның енгі­зілуін 2015 жылға ысырып қой­ған. Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап ҰБТ тапсырған өзге тілде оқы­та­тын мектеп түлектерінің қазақ тілі пәнінен алған баллдары есеп­ке алынатын болды. Розақұл Саты­бал­ды­ұлы депутаттық сауал жолдап, Білім және ғылым министрлігінен осындай жауап алған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 5 =