Қалаулылар халықты қабылдады

0 75

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы Мәжiлiс пен елордалық мәслихат депутаттарымен азаматтарды қабылдаудың бiрыңғай күнiн өткiздi. Бұл күнi депутаттарға арыз-шағымын арқалап 100-дан астам елордалық келiптi.

– Бiрыңғай қоғамдық қабылдау күнiн өткiзу «Нұр Отан» ХДП үшiн дәстүрлi шараға айналды. Қоғамдық қабылдау бiздiң партиямыздың жұмысының бiр тәсiлi десе болады. Бұған дейiнгi қабылдауларда азамат-тардан түскен өтiнiштердiң басым бөлiгi шешiмiн тапқан болатын. Халықпен бұл жолғы жүздесуiмiз өз нәтижесiн бередi деп сенемiн, – дедi Астана қалалық мәслихатының хатшысы Сансызбай Есiлов.
Депутаттардың айтуынша, қоғамдық қабылдау орындарына келiп жатқан тұрғындардың мәселелерi шешiледi. Бiрақ, бiршама уақытты талап ететiн мәселелер бар.
– Жалпы, менiң өзiме көбiне денсаулық жағдайына және емделумен бай-ланысты мәселелерге шағынады. Яғни, тiкелей менiң мамандығыма қатысты. Сондай-ақ, тұрғын үй мен балабақша мәселесi де жиi кездеседi, – дедi мәслихат депутаты Абай Байгенжин.

Айнұр ШОШАЕВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + ten =