ҚАЛАНЫҢ ҚОС ҚАНАТЫНДАЙ…

0 162

Астана қаласының мәслихаты Алматы және Сары­арқа аудандары құрылуының 15 жылдығымен аудан әкімдіктері мен атқарушы органдарын, кәсіпорындары мен ұйымдарын және тұрғындарын шын жүректен құттықтай отырып, қаламыздың әлеуметтік-эконо­микалық дамуына қосқан үлестері үшін шексіз алғыс білдіреді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Астананы дамыту мақсатындағы тапсырмалары негізінде арнайы шаралар жүзеге асырылуда, қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне, экономикалық нәтижелілік пен қаражат тұрақтылығының қамтамасыз етілуіне, инфрақұрылымды дамытуына және инвестициялық климатты жақсартуына аудандарда баса назар аударылады.

Алдағы уақытта да Астанамыздың дамуына және көркеюіне бағытталған бастамалар мен жақсы қадам­дардың бастаушылары мен қолдаушылары бола­тын­дығыңызға сенімдіміз.

Сансызбай Есілов,
Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Қымбатты Сарыарқалықтар!

Астана қаласының Сарыарқа ауданы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 1998 жылдың 6 мамырында құрылған болатын.

Сарыарқа ауданының осы төл мерекесімен ауданның тұрғындарын және ауданда орналасқан мекемелер мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдарын шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекетіміздің өмірінде ерекше орын алатын біздің шырайлы елордамыз Астана екендігі бәрімізге мәлім.

Астана күн сайын өсіп және көркейіп келеді. Елорда көшелерін аралай отырып, оның бейнесінің өзгергені, оның республиканың экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірінің шынайы орталығына қалай айналғанын көре отырып, бұған Сарыарқа ауданы тұрғындары мен еңбеккерлерінің де маңызды үлесі бар екенін сенімділікпен айта аламыз.
Осы күні барлық сарыарқалықтарға зор денсаулық, ашық аспан, отбасыларыңызға құт-береке, алға қойған бастамаларыңызға толағай табыстар, мемлекетіміздің көркеюі жолындағы еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспіз.

Құрметпен,
Астана қаласы Сарыарқа ауданының
Ардагерлер кеңесі

Құрметті Сарыарқа ауданының тұрғындары!

Сіздерді төл мерекелеріңіз – Сарыарқа ауданының 15 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Астана – ел мақтанышы. Біз Астананың қалып­тасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз. Ал, Сарыарқа ауданы елорданың тарихи бір ажырамас бөлігі екендігі мәлім. Мұнда өз ауданына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын елорданың және ауданның байырғы тұрғындары – басты байлығымыз, олар күнбе-күн өз жұмыстарын атқара отырып, Астананың қалыптасуына орасан зор үлес қосуда.

Мерейлі мерекеде Сіздерге қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін! Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейе берсін!

Астана қаласы Сарыарқа ауданының
«Парасат» ПИК ассоциациясы

Құрметті Алматы ауданының тұрғындары!

Баршаңызды еңселі елордамыздың елеулі аудандарының бірі – Алматы ауданының құрылғанына 15 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде сәулеті мен дәулеті жарасқан елордамыздың дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан ауданымыз аумағы жағынан да, халқы жағынан да бас қаламыздың үлкен бөлігін алып отыр. Астанамызда екі аудан құрылған 1998 жылдан бастап жүздеген өзгерістер болып, ауысулар мен қарқынды құрылыс, елорда дамуының биік белестерін көзбен көріп, қол жеткізген жетістіктеріне куә болдық.

Алматы ауданының ардагерлер кеңесіне мүше болып, төрағалық еткен уақыттан ауданымыздағы ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға көрсетіліп жатқан ізет пен ілтипатқа күнделікті риза болып, әлі де еліміз үшін аянбай қызмет етуге дайынбыз деп айта аламын. Аудан тарапынан ұйымдастырылатын барлық іс-шаралар мен жастарды тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарға біздің ардагерлеріміз бен зейнеткерлеріміз ынта салып, белсенділік танытады. Бейбіт өмірде қызмет жасап жатқан ел азаматтарының қатарында болып, аудан өміріндегі өзіміздің орнымыздың барына, біз әрине қуаныштымыз.

Астанамыз көркейіп, ауданымыз ажарлана берсін! Еліміздің елдігін құрап, татулығын сақтап отырған хал­қымыз әрқашан аман болсын, ағайын!

Сайлаубек Байболов,
Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Құрметті Алматы ауданының тұрғындары!

Бүгін Астана қаласы Алматы ауданының тұрғыны атанғанымызға 15 жыл толып отыр. Әрқайсымыз үшін ерекше күн болған мерейлі күніміз құтты болсын!

Алматы ауданы құрылған күннен бастап еңбегімізді ел үшін аянбай атқарып, бүгін де тұрғындар үшін қызмет жасаудамыз. Ауданымыздың ПИК Ассоциациясының төрайымы ретінде атқарылып жатқан еселі еңбекті көріп, астанамыздың осындай дәрежеге, биік мәртебеге ие болып отырғанына шын жүректен қуаныштымын.

Күн сайын бой көтеріп жатқан жаңа нысандар мен тұрғындардың жайлылығы үшін ашылған саябақтар жыл сайын көбейе түсуде, баршаңызды ауданымыздың көркі мен тазалығын сақтауға шақырамын.

Елордамыздың мәртебесі әрқашанда жоғары болып, еліміздің туы биік тұғырлардан көріне берсін!

Бахрам Құсайынова,
Алматы ауданы ПИК Ассоциациясының төрайымы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + sixteen =