Қаланы қоқыстан тазартамыз

0 4

Нұр-Сұлтанда рұқсат етілмеген қоқыс орындарынан 37 мың тоннадан астам қалдық жиналып, шығарылды. Жыл басынан бері экологиялық полициямен бірлесіп 50-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылған. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов баяндады.«Қала аумағында рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз. Өз пайдасы үшін немесе қатты-тұрмыстық қалдықтарды арнайы полигонға шығаруға уақыт жұмсағысы келмей заңнаманы бұзатын экология зиянкестері тарапынан мұндай іс-әрекеттердің жолын одан әрі қатаң түрде тоқтататын боламыз. Тек осы жылдың басынан бастап экологиялық полициямен бірлесіп 50-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жойдық. Полигонға 37 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Бүгін қосымша шаралар қабылдау және ҚТҚ үшін рұқсат етілмеген орындардың пайда болуына жол бермеу үшін аудандық әкімдіктермен, экологиялық полициямен, қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпорындармен және т. б. кездесу өткіздік.
Бірінші. Экологияны және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін осы жылдың өзінде «Солтүстік жотасы» карьерін одан әрі рекультивациялай отырып, құрылыс қалдықтарын жинауға және өңдеуге арналған алаң жұмысын бастаймыз.
Алаңда кірпіш, асфальт, бетон қалдықтары және т. б. сияқты құрылыс қалдықтарын қайта өңдейтін ұсату кешенін орнату қарастырылған. Сонымен қатар, мысалы, құрылыс қалдықтарының 50%-ын қиыршық тасқа, 10-15%-ын арматураға және т. б. өңдеуге болады.
Екінші. Қоқыс өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстарын жалғастырамыз. Бұл кәсіпорынның қуатын екі есеге – жылына 250 мың тоннадан 450 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қалдықтарды сұрыптау жартылай автоматты түрге ауыстырылады. Полигонның өзі екі ұяшықтан тұрады.
Үшінші. Құрылыс қалдықтарын заңсыз орындарға әкетуді тоқтату фактілері бойынша құрылыс нысандарына мониторинг және рейдтер жүргізу бойынша жедел топтың жұмысын күшейтуді тапсырдым. Себебі негізгі тәртіп бұзушылар – құрылыс ұйымдары.
Төртінші. Арнайы бөлінген орындарға қоқыс шығару үшін компаниялармен келісімшарт жасаспаған құрылыс компанияларына қосымша қорытынды жасау қажет. Қасақана бұзушылықтар болған жағдайда, біз құрылыс нысандарындағы жұмыс лицензиясын тоқтата тұрамыз.
Бесінші. Заң бұзушыларды да 109 ikomek-бейнебақылау жүйесі арқылы анықтаймыз. Мәселен, тек 20 сәуір мен 31 мамыр аралығында камералар арқылы 24 тәртіп бұзушылық фактісі тіркелді. Жүргізушілер жауапқа тартылды. Камералар санын көбейтеміз7
Алтыншы. Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинау үшін қала бойынша арнайы контейнерлер орнатылған. ТҚҚ өңдеу деңгейі 75 пайызға, қайталама шикізатты алу 17 пайыздық көрсеткішке жетті. Бұл көрсеткіштерді жоспарлы түрде ұлғайту қажет. Сондай-ақ қала бойынша құрамында сынабы бар шамдарды жинау үшін 530-дан астам арнайы контейнер орнатылады. Оқу орындарында экологиялық сағаттар өткізілді. Жас кезінен бастап балаларға экологияның маңыздылығын түсіндіріп, мәдениетті қалыптастыру маңызды. Сонымен қатар экологиялық сенбіліктер өткізіп, ағаштар отырғызамыз. Бұл жерде біздің еріктілер мен қала тұрғындары үлкен көмек көрсетеді. Табиғатқа зиян келтіру – өзімізге зиян келтірумен тең!», – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 2 =